БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Қызылорда қаласында білім саласын қамтамасыз етуге 2017 жылы – 18 млрд. 2 млн. теңге қаржы қаралса, биылғы жылы бұл сома 21 млрд. 206 млн. теңгені құрады.
Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, қаламыздағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндеріміздің балабақшамен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетті.
Қызылорда қаласы бойынша 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне енгізілді (оның ішінде 206 жеке меншік балабақша).
Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша қаладағы барлық мектептер 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілді. (582 млн. 325 мың теңге).
Қала мектептерінің компьютермен жабдықталуы 100 пайыз, интернет желісіне қолжетімділік 100 пайыз болса, электронды күнделік жүйесіне қосылу көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызға жетеді.
Қала мектептері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу мен орташа балл жинаудан жоғары нәтиже көрсетіп, 90,9 баллмен облыс бойынша көш бастады. Нәтижесінде тест тапсырған 1 мың 670 оқушының 980-і мемлекеттік грант иегері атанды.
Бұл көрсеткіш 2017 жылы 612-і құраған болатын.
2017-2018 оқу жылының қорытындысымен 2 мың 141 мектеп бітіруші түлектің ішінен жоғарыда атап өткендей 980 түлек мемлекеттік грант иегері атанса, 98 түлек «Алтын белгі», 103 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
2014 жылдан бастап аймақ басшысының тікелей бастамасымен Қызылорда облысының түлектеріне Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алуға жасалған мүмкіндікті пайдаланған Қызылорда қаласы түлектерінің 346-і бүгінде Ресей Федерациясының беделді оқу орындарының студенті атанды.