Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 75 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 75 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА


Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 75 жобаның 29-ы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында мәлімдеді.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Іссапар барысында олар Сыр өңіріндегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.
Денсаулық сақтау және білім беру саласының мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты мәселелеріне арналған отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
«Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өңірде 75 жоба жүзеге асырылуда. Басым бөлігі денсаулық сақтау саласы бойынша, яғни 75 жобаның 29-ы немесе 39 пайызы осы салаға тиесілі. Сондай-ақ, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жобалар да іске асуда», - деді аймақ басшысы.
Айта кету керек, Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша еліміздегі бес үздік аймақтың бірі болып табылады және жүзеге асырылатын жобалар экономиканың барлық салаларын қамтиды.
Мысалы, денсаулық сақтау саласында 29 жоба; дене шынықтыру және спорт саласында 12 жоба; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 10 жоба; білім беру саласында 8 жоба; цифрландыру саласында 7 жоба; жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5 жоба, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп және экология салаларында бір жобадан жүзеге асуда.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта аймақта 18 МЖӘ келісімшарты жасалған. Оның ішінде 10 медициналық диспансер құрылысы, 4 спорттық-сауықтыру кешенін жалға беру және қызмет көрсету, Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 400 келушіге қызмет көрсете алатын емхана ашу, Жалағаш ауданы Тан ауылдық округінде балабақша салу, Қызылорда қаласындағы № 101 орта мектепте арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кішігірім үй салу және қазандығын жаңғырту (газ жылыту жүйесіне көшіру) жұмыстары жүргізіледі.
Аймақ басшысы жобаларды іске асыру МЖӘ жобаларын тиімді жоспарлау туралы жалпы түсінік қалыптастыруды талап ететінін атап өтті.
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін нақты инвесторлар қызығушылық танытқан жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ғана пайдалану керек. Өйткені, жобаларды іске асыру инвестор үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекет тарапынан оларға төленетін өтемақы мөлшерін барынша азайтуға, қажетсіз шығындарды жоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Шарада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев, №2 «Нұр-Шұғыла» жекеменшік балабақшасының бастығы БибіайшаТөлегенова сөз сөйледі.

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова кездесуді қорытындылады.
Бірғаным Әйтімова: «Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бірқатар балабақшалардың, нысандардың жұмысымен таныстық. Әріптестерімізбен бірге Қызылорда облысындағы бұл тәжірибені үздік үлгі ретінде республика бойынша енгізу керек деп ойлаймыз», - деді.
Жұмыс сапары барысында Сенат депутаттары МЖӘ аясында жұмыс істейтін облыс орталығындағы жекеменшік балабақшаларын аралап көреді. Аймақта шамамен 400 жекеменшік балабақша бар, атап айтқанда мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген мектепке дейінгі білім мекемелерінің жалпы санының 75 пайызын құрайды. Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіш.
Сонымен қатар, депутаттар 400 орындық емхананың, Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің, Тарлан фитнес-орталығының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушыларымен, көпбалалы отбасыларымен кездесіп, Сырдария, Қармақшы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласының әлеуметтік-мәдени нысандарын аралайды.





07 қыркүйек 2018 ж. 961 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области