Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БІРЛЕСКЕНДЕ ҒАНА ШЕШІЛЕДІ

БАЙҚОҢЫРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БІРЛЕСКЕНДЕ ҒАНА ШЕШІЛЕДІ


Байқоңыр қаласында Төретам, Ақай елді мекендері мен Байқоңыр қаласын дамыту мәселесіне қатысты кеңейтілген мәжіліс болды. Келелі кеңеске аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев төрағалық етті. Оған мүдделі сала басшылары қатысты. Айта кету керек, Байқоңыр қаласы әкімшілігі тарапынан да Ресей Федерациясы өкілдері мәселені бірге талқылады.
Шарада Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов осы уақытқа дейін Палатаға келіп, сондай-ақ түрлі кездесулерде жиі айтылып, көтеріліп жүрген байқоңырлық кәсіпкерлердің проблемасын ортаға салып, хабарлама жасады.
Бас қосуда Ғалымбек Жақсылықовтың көтерген мәселесінің бірі – Байқоңыр қаласында тұратын кәсіпкерлердің кәсібіне несие алудағы қиындықтары.
Палата басшысының айтуынша, Байқоңыр қаласында орналасқан ресейлік банктер қазақстандық кәсіпкерлік субъектілеріне несие бермейді екен. Негізгі себебі, құрылтайшыларда Ресей азаматтығының жоқтығы екен. Ал қазақстандық банктер кепіл мүлік сұрайды. Алайда, Байқоңырдағы кәсіпкерлер өз аттарына аударып ала алмауы себебінен не жерін, не үйін кепілге қоя алмайды.
Палата директоры мәселені шешудің жолы ретінде – кәсіпкерлерге жерді арендаға ұзақ мерзімге беруді ұсынды.
Байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселесі мұнымен шектелмейді екен. Кәсіпкерлердің келесі бір проблемасы – салыққа қатысты.
2017 жылы Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр қаласының статусына қатысты келісімге өзгерістер енгізілген хаттамасы күшіне енді. Хаттамада қосарлы салықты жою қарастырылған болатын. Алайда, кәсіпкерлердің жағдайы жақсарудың орнына қиындай түсті. Бұрын кәсіпкерлер Байқоңыр қаласында арнайы салықтық режим бойынша жұмыс жасайтын. Ол кезде бұл санатқа жататын кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізбей, қосымша құн салығы мен акциз төлемейтін.
Хаттаманың күшіне енуіне байланысты енді кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізіп, салық органдарына сырттан әкелінетін тауарлар бойынша есеп беруге мәжбүр болып отыр. Өйтпесе, Қазақстан территориясынан тауар кіргізгені үшін ресейлік ставкамен 18 пайыз қосымша салық төлеуге мәжбүр болады.
Мұнан өзге, хаттаманың күшіне енуімен акцизделетін тауарларды сатумен айналысатын кәсіпкерлер қазір Қазақстан аумағынан әкелетін импорт тауарларға акцизді Ресей заңы бойынша төлеуде. Төленетін қаржының көлемі қазақстандық көрсеткіштен жоғары.
Отырыс қорытындысымен байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселесі қайта қаралатын болды. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желіде оқырмандармен бөліскен жазбада:
«Жасаған хабарлама негізінде мүдделі органдардан жасақталған арнайы жұмысшы тобы байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселесін жан-жақты зерттеп, шешу жолдарын қарастыратын болды. Бірінші кездесу келер аптаға жоспарланды», - деп жағымды жаңалықпен бөлісті.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында 488 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың үштен екісі немесе 329-ы жұмыс жасап тұр.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2018 ж. 530 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области