АРАЛ ӨҢІРІНДЕ БАЛЫҚ АУЛАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі уақытта ауланған өнімнің тең жарымына жуығы ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда. Соңғы екі жылда балық өнімдерінің экспорты 45 пайызға, оның ішінде Евроодақ елдеріне - 2 есеге өсті. Арал балығы бүгінде Түркия, Германия, Латвия, Дания және Қытай елдерінің тұтынушыларына жөнелтілуде. Мұның өзі балық шаруашылығының облыс экономикасындағы салмағын арттыра түсумен қатар, оның экспорттық бағытына айқын жол ашты.
Бүгінде «Ғасыр жобасы» атанған САРАТС-тың екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Айта кетейік, Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасы екінші фазасы 8 компоненттен тұрады. Аймақта аталған жобаны жүзеге асырудың негізгі жұмыстары басталды.
