ЖЕР БЕТІНДЕГІ 750 МИЛЛИОН АДАМ ӘЛІ ДЕ САУАТСЫЗ

Зерттеулер нәтижелері сауатсыз адамдардың 45 пайызы Оңтүстік Азияда, 27 пайызы Африкада, 10 пайызы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда, 9 пайызы Солтүстік Африкада және Батыс Азияда, 4 пайызы Латын Америкасы мен Кариб теңізі елдерінде тұратынын көрсеткен.
Соңғы уақытта халық арасында білімге деген ұмтылыс өскен. ЮНЕСКО-ның статистика институты деректері бойынша, халық арасында сауаттылықтың ең жоғары көрсеткіші Шығыс және Оңтүстік Азия, Солтүстік және Батыс Африка елдерінде тіркелген. Оңтүстік Азиядағы сауаттылық 1990-2016 жылдары аралығында 46 пайыздан 72 пайызға, Солтүстік Африка мен Батыс Азияда 64 пайыздан 85 пайызға дейін өсті.
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бұл көрсеткіш 82 пайыздан 96 пайызға артса, Африканың Оңтүстік бөлігіндегі елдерде 82-ден 96 пайызға дейін өскен.
Сарапшылар әйелдердің сауаттылық деңгейі ерлерге қарағанда төмен екенін айтады. Соңғы мәліметтерге сәйкес сауатсыз адамдардың 59 пайызын әйелдер құраған.