Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕГІЗ НЕМЕРЕНІҢ ӘЖЕСІ ТӨРТЕМГЕ ЖҮКТІ ЕКЕН

СЕГІЗ НЕМЕРЕНІҢ ӘЖЕСІ ТӨРТЕМГЕ ЖҮКТІ ЕКЕН


Ұлыбританияда жақын арада төртем туатын ең кәрі ана болып 50 жастағы Трейси Бриттен атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz The Sun порталына сілтеме жасап.
Трейси Кипр қаласында жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Қазір ол жүктіліктің 25-ші аптасында екен, ал 32-ші аптада Кесарев арқылы босанады екен.
Трейси күйеуі Стивенмен бірге үш қыз бен ұл дүниеге келетінін айтты. Трейсидің үш баласы мен сегіз немересі бар екені анықталды. "Жыл сайын кем дегенде бір баладан туып отырғанды армандайтынмын. Жасым 50-ге келген соң, жасанды ұрықтандыруға жүгіндім", - дейді Трейси.
Әйелдің айтуынша, ол жұрттың сөзін елемейді екен. "50 жасында босанып жатқан мен ең бірініші және ең соңғы емеспін. Мен өзімді 50 жастағы әйелге ұқсатпаймын және елу жастағыдай сезінбеймін. Жұрт менің тағдырымды білмейді. Бірақ, менің төрт сымбатты баламды көрген кезінде ойларын өзгертер", - дейді ол.
Трейсидің бірінші күйеуінен үш баласы бар екен. Бұрынғы күйеуімен 2003 жылы ажырасып, араға екі жыл салғаннан кейін Стивенді жолықтырған.
16 қыркүйек 2018 ж. 638 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области