Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ЕҢБЕК ДҮБІРІ

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ЕҢБЕК ДҮБІРІ


Ырзық-несібесін Жер-Анадан терген сырбойылық диқандарға биылғы жаз қолайлы болды. Сонау ерте көктемнен басталған дала төсіндегі тынымсыз еңбек бір тынған емес. Сырдың негізгі дақылы – күрішті күтіп баптау әр күрішшінің мойнындағы міндет. Ана баласын қалай әлпештесе, күрішші де атыз, алқаптағы ақ маржанын солай аялап, өсіреді. Бала күнінен егіннің жайын жақсы білетін ауыл азаматының бірі – Нұрғиса Жаниязов.
Ол Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ширек ғасырдан бері еңбек етіп келеді. №4 өндірістік бригадасының еңбеккерін күріш баптаудың хас шебері десе жаңылмайсыз.
Нақты кезеңде қармақшылық диқандар егін орағын қызу жүргізуде. Дала төсіндегі қайнаған еңбек. Олардың қатарында күрішші Нұрғиса да жүр.
Кейіпкеріміздің егін шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі ескерусіз қалған емес. Бірнеше мәрте аудан әкімдігі тарапынан марапатқа ие болды. Тіпті, 2010 жылы 40 гектар егіс алқабынан 85 центнерден өнім алғаны үшін Нұрғиса Жаниязов Қармақшы ауданы бойынша чемпионы атанды. Ал, кейіпкеріміз еңбек ететін «Жаңажол» ЖШС облыста бірнеше мәрте жүлдегер атанды.
Атақты серіктестіктігі тәжірбиелі мамандармен қанаттаса еңбек етіп жүрген кейіпкеріміз әр жылдары күріштің гектарынан 60, 62 центнерден өнім алып, табыс төрінен көрініп келе жатқан озат күрішші. Бүгінде майталман маманның еңбегі жастарға үлгі. Саналы өмірінің 25 жылын егін шаруашылығына арнап келе жатқан дала қыраны биыл да өзіне бекітілген 41 гектар жерден 60 центнерден өнім алуды межелеп отыр.
– Күрішті егіп болған соң көктемде суға бастырамыз. Егінжайға орақ түскенше оны балаша күтіп-баптаймыз. Суын қоямын. Оның өз әдіс-тәсілі бар. Күріш бітік шығуы үшін суын дұрыс қоя білу керек. Себебі, мол өнімге қол жеткізуде судың маңызы зор. Яғни, күріштің шығымы берілген суына байланысты болады. Ал, биылға келсем, егін шығымы жақсы.
Халқымызда «Балапанды күзде санайды» деген тәмсіл бар. Қазіргі көңіл-күй керемет. Ұйымдастыру жұмыстары да, еңбеккерлердің ауызбіршілігі де ойдағыдай, – дейді еңбек озаты.
Күз – береке мен мерекенің, ырыс пен несібенің маусымы. Егінжай мен қырман басында қызу қарбаластың қайнайтын кезі, тау-тау астықтың ел қамбасына құйылар шағы.
Еңбек майталманының күн-түн демей тіршілік қылатын уақыты. Бір сөзбен айтқанда, бұл – еліміз үшін жауапты да шешуші кезең. Осынау кезеңде ақ күріштен шашау шығармай жинап алып, жауапты науқанға белсенділік таныту – әрбір азаматтың парызы.
Сонау ерте көктемнен еңбек көрігін қыздырып келе жатқан күрішші Нұрғисаның да осы жылды да табысты аяқтары анық.

Қармақшы ауданы
18 қыркүйек 2018 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области