БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕ ҒАРЫШ ЖАЙЛЫ СУРЕТТЕРІН ЖОЛДАДЫ
Жердің алғашқы жасанды серігін ғарышқа ұшырудың 60 жылдығына орай Байқоңыр оқушылары шығармашылық бастама көтерді.
«Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру - Байқоңыр балаларының көзімен!» акциясына қаладағы, Қармақшы ауданы мектептерінің оқушылары қатысты.
Адамзат ақыл-ойының жетістігін бейнелеген балалар өздері салған суреттерді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге жолдауға шешім қабылдады.