ҚОРҚЫТ КҮЙЛЕРІ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ОРТАҚ МҰРАСЫ
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі облыстық тарихи өлкетану музейінің филиалы саналатын музейінде «дөңгелек үстел» өтті.
Шараға аймағымыздағы бүкіл түркі дүниесіне ортақ абыз Қорқыт баба мұраларын зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанындағы "Қорқыттану" ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы, қорқыттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев, аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосанов қатысып, аңыз бен ғылыми еңбектердегі Қорқыт ата туралы қызықты деректерді жеткізді. Бұған қоса, басқсоуда композитор, қобыз аспабын алғаш жасаушы Қорқыт баба күйлерінің шығу тарихы,оның жазылып алыну жайлы әңгіме айтылды.
Сондай-ақ, Қорқыт ата мұраларының зерттелу деңгейі, кешегісі мен бүгінгісі, алдағы уақытта зерттелуге тиіс мәселелер талқыланды. Басқосуда студенттер, оқушылар, облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өз ойларымен бөлісті.