Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕКТЕПТЕ ҚЫСҚА ЮБКА КИІП, ӘШЕКЕЙ ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН

МЕКТЕПТЕ ҚЫСҚА ЮБКА КИІП, ӘШЕКЕЙ ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН

Қазақстандық оқушы қыздарға мектепте қысқа юбка киіп, кеудесін ашып жүруге, сондай-ақ, әшекей бұйым тағуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды Мұндай мәлімдемені ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын жасады. Оның сөзінше, көптеген ата-аналар оқушы қыздардың ашық-шашық жүретініне қатысты наразылық білдіріп, шағым айтқан. Бұл шағымдар бүгінде Білім және ғылым министрлігіне жетіп отыр. Сондықтан министрлік аталған мәселені мықтап қолға алмақ.
«Мектепте діни киім киюге тыйым салса да, денеге жабысып тұратын қысқа юбкаға ешкім мән бермейтініне қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылды. Осыған байланысты біздің министрлік Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жолдады. Қазір олар тиісті түзетулер енгізуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.


26 қыркүйек 2018 ж. 464 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области