Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҚАЕВТЫҢ ҚАРА КЕТПЕНІ

ЖАҚАЕВТЫҢ ҚАРА КЕТПЕНІ


Ақ күріштен тау тұрғызған еңбек адамы Ыбырай атамыздың кетпені туралы ел арасында жиі айтылады. Оған куә болып жүрміз. Бір ғажабы, ата тұтынған еңбек құралын көзбен көруге құштар кісілер өте көп.
Диқанның сыры кетсе де, сыны кетпеген қара кетпені қазіргі күні Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің төрінен орын алып тұр. Айта кетейік, біздің музей қорында мыңнан астам құнды жәдігер сақталуда. (Суретте музейдегі Ы.Жақаева тұтынған кетпеннің бірі).
Даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев атамыздың өзі ұстап, тұтынған заттарын 1982 жылы музей ашылған кезде атаның ұрпақтары сыйға тартқан.
Бұл кетпен – Ыбырай Жақаевтың егіс басында өзі пайдаланған құралы. Металдан жасалған кетпеннің диагоналы – 35 см. Сол кезеңде ұсталар кетпенді өздері соғып алатын болған Бұл кетпен де қолдан соғылған. Атамыз ірі денелі кісі болғандықтан, кетпені де үлкен әрі салмақты. Яғни, атамыздың өзіне лайықтап жасалған.
Ауылдағы музейге келген қонақтар кетпеннің үлкендігіне аса мән беріп, оған таң-тамаша болып бас шайқап, таңырқап қарайды. Кетпенді Шиелі ауданы бұрынғы Қызылту колхозының тұрғыны, ұста Сейтімхан Сахиев қолдан соққан екен.
Кетпен – ауылшаруашылығы жұмыстарында, тұрмыста қолданылатын еңбек құралы. Кетпен жүзінің жалпақтығына байланысты әр түрлі болып келеді. Кейде салмағын жеңілдету мақсатымен кетпеннің ортасын ойып тесік жасап қояды.
Ыбырай атамыздың әр жылдары өзі пайдаланған кетпендері бүгінгі таңда Алматы және Астана қалаларындағы музей залдарының экспозициясында тұр.
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дала академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың жасаған еңбектері мен алған жетістіктерін насихаттау, біз үшін үлкен мәртебе.
Аягөз ЖАХАЕВА,
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің қор сақтаушысы
Шиелі ауданы
28 қыркүйек 2018 ж. 892 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области