Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІДЕ БАЛЫҚ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШИЕЛІДЕ БАЛЫҚ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Сыр өңірі жыл сайын жаңарып, жаңғырып, экономикасын арттыру үстінде. Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлының бастамасымен құрылған «СПК Сыр балығы» балықшылар кооперативі 4,5 тонна балықты Ресей Федерациясына экспорттауда.
«Өзен жағалағанның өзегі талмайды» – деген осы бір қағиданы балықшылар сан мәрте дәлелдеп келеді. Тіпті, сонау ашаршылық кезеңінде талай адамды ажал тырнағынан арашалаған да осы балықшылар қауымы екені тарихтан мәлім. Жалпы, Шиелі ауданында тауарлы балық өндіруге қолайлы иесі бар 20 көл, иесіз 19, нақтырақ 39 көл тіркеуде бар. Ал, Нәнсай-Ханқожа жүйесі бойынша балық шаруашылығы субьектілеріне 2018 жылға бекітілген табиғат пайдаланушылардың балық аулау лимиті 56 тонна.
Теңізден маржан сүзген балықшылардың өнімін біріктірген «СПК Сыр балығы» балықшылар кооперативінің төрағасы Абуталип Омаров: «Бүгінгі таңда балық аулау жұмыстары жүргізіліп, оларды сақтайтын арнайы тоңазытқыштар орнатылды. Ауылдардағы балықшыларды ау, қайық сынды қажетті құралдармен жабдықтап, экспорт көлемін арттыруды қолға алудамыз» – деді.
Ал, Ресей Федерациясынан келген Денис Яковлев балықты қайта өңдеп шығару ісімен айналысады. Сыр өңірінің тумасы туған жерде өз ісін өркендетуді ойлап, Шиелі ауданынан балық зауытын ашуды көздеп отыр. «Барлық көлдерді аралап шықтық. Балық көлемі жеткілікті болғандықтан зауыт ашуға мүмкіндік барына көз жеткіздік. Алдағы уақытта бірнеше адамды жұмыспен қамтитын, балықшылардың өнімін өткізер арнайы орын болады» – дейді ресейлік азамат.
Иә, зауыт ашылса су үстінде күн кешкен балықшылар қауымының жағдайы да оңалмақ.
Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков:
«Бүгінгі таңда «СПК Сыр балығы» балықшылар кооперативін құрып, оған 31 адам мүшелік етуде. Ресей мемлекетінің азаматтарымен келіссөз жүргізу арқылы ай сайын 20-30 тонна балықты экспортқа шығару жоспарда бар. Сонымен қатар, балықты өңдеу, қабылдау зауытын салу, оған қажетті жер мәселесі жөніндегі тиісті заңнамалық жұмыстарды үйлестірудеміз» – деді.
Сыр өңірін ақ маржанымен әлемге әйгілеген Шиелі ауданы су маржанын да экспортқа шығарып, ел экономикасын жандандырмақ. Дала төсінде ризығын егіннен тапқан диқаншылар қауымымен қатар енді балықшылар кооперативі де қызу іске кірісті.



02 қазан 2018 ж. 574 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области