ӘЛЕМДЕ СЕЛФИ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ ҚАНША ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?
Үндістан ғалымдары соңғы алты жылда әлемде қанша адам селфи құрбанына айналғанын анықтады деп хабарлайдыИнтерфакс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Реклама 23
Washington Post басылымының ақпараты бойынша, 2011 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қараша айына дейін әлемде 259 селфи сәтсіз жасалыпты. Ал қаза болғандар саны 250-ді құраған.
Көбіне селфи құрбанына айналғандар суға батып кетеді. Кейде түрлі көліктермен соғысып, оқиға орнында қаза табады немесе биіктіктен құлайды екен.
Әсерлі кадрға қызыққандар көбіне Үндістанда, Ресейде, АҚШ пен Пәкістанда көз жұмған.
Ал селфи үшін өмірімен қош айтысқандардың 85 пайызы 10 жаспен 30 жас аралығындағы жастар болып шығыпты.