КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасының 23-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер қабылдайды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес субсидия алуға арналған тізбеге ену үшін 1000 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдары, құс етін және тағамдық жұмыртқа өндіру, сүт өндіруді ереженің 3-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.
Өтінім Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында қабылданады.
Мекен-жайы: Кызылорда, Желтоқсан көшесі 42 үй, «Бастау» бизнес орталығы, тел.:8/7242/400981.