Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » FORTEBANK ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ФИЛИАЛ АШТЫ

FORTEBANK ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ФИЛИАЛ АШТЫ


Кеше Қызылорда қаласында ForteBank-тің жаңа филиалы салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысанның тұсаукесеріне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.
Қызылорда облысының әкімдігі мен ForteBank арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, соған сәйкес жыл соңына дейін 12 жоба қаржыландырып, жүзеге асырылады.
– Елбасының тапсырмасы аясында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті өркендетуде тұрақты әрі заманауи қызмет көрсетуді қолға алып, қарқынды дамып келе жатқан ForteBank-те өз үлесін қосады, маңызды жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп сенеміз, – деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев. Сонымен қатар, аймақ басшысы филиалдың жаңа кеңсесі қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, қала үшін қайталанбас сәулет келбетін беретінін атап өтті.
ForteBank еліміздің барлық өңірлерінде жаңа форматтағы жоғары технологиялық бөлімдерді ашуды жалғастыруда. Біздің кеңселеріміз The Financial Brand басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайндарының қатарында атап өтілді. Біз жаңа сервистерді құра отырып, инновациялар мен технологияларға үлкен көңіл бөлеміз, кезекті барынша азайтуға және банкпен тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау үдерісін барынша жайлы етуге тырысамыз, – деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Қонақтар жаңа кеңсені аралап көрді. Ғимараттың тұжырымдамасы мен стилін DINN итальяндық дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандары әзірлеген. Бөлімшелердің басты ерекшелігі – клиенттерді кезекте күтуден арылтатын қолайлы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары болып табылады. Барлық қажетті қызметтерді мобильді қосымшаның көмегімен жасауға мүмкіндік бар, бұл барлық пайдаланушылар үшін ашық.
Кез келген банктің клиенті бола отырып, ForteBank қосымшасын жүктеуге, тіркелуге және банктің барлық қызметтерін пайдалануға болады.
Банктің облыстық филиалы клиенттерінің 30 000-нан астамы жеке тұлғалар болса, 2000-ға жуығы кәсіпкерлер. ForteBank "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Қызылорда облысындағы филиал бөлінген қаражатты игеру қарқыны бойынша бірнеше рет көшбасшы үштігіне кірді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал мақұлданған жобалардың саны мен сомасы бойынша облыстағы екінші деңгейлі банктер арасында екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн.теңгеге 9 жобаны қаржыландырды. Қазір жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын 12 жоба бар. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін қарастырылып, іске асырылмақ.



11 қазан 2018 ж. 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области