Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ


Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті республика бойынша жарияланған «Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал» акциясының қыркүйек айын қорытындылады. Бұл жолғы ұтыс «Жайна» сауда орталығында ойнатылды.
Сауда орталығында жүрген жұртшылық өкілдері акция талабымен танысып, мамандар сол жерде «Wipon» мобильді қосымшасын жүктеуді, чекті фотоға түсіріп жолдауды көрсетіп үлгерді. Ал мамандар сауда орталығындағы кәсіпкерлерге бақылау-касса машиналарын қолданудың ү.ж. 1 қазанынан қолданысқа енген жаңа талаптары туралы буклеттер таратты.
Қызылордалықтар ұтысқа қатысу үшін қыркүйек айында 13 мыңнан астам чек жолдаған. Бірінші жүлде - термотоңазытқыш Қызылорда қаласының тұрғыны Мақсатқа бұйырды.
Екінші және үшінші орындарға шыққан чек иелері де тұрмыстық техникаға ие болды, оларға телефон арқылы көпшіліктің көзінше хабарлама берілді.
2018 жылғы 21 мамырдан басталған жалпы республикалық «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясы 30 қарашаға дейін жалғасады.
Акцияның негізгі мақсаты: жұртшылықтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, салықтық сауаттылықты көтеру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Акцияға қатысу үшін:
• тегін мобильдік қосымшаны (Google Play Market, Apple App Store) жүктеу;
• чекті суретке түсіріп жіберу ғана талап етіледі.
Акция екі деңгейде өтеді: бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер департаменттерінде, ай сайын үш жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Екінші деңгей: ұтыс ойыны тікелей трансляциялау жолымен Астана қаласында желтоқсан айында ұйымдастырылатын болады. Бас жүлде – отандық автокөлік. Акция жеңімпаздары кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
Әрбір жасаған саудаңыз үшін және қызмет алған жеріңізде чек талап етіңіз, Акцияға қатысып сыйлықтар ұтып алыңыз!



15 қазан 2018 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области