Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАБЫСТЫ БОЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТАБЫСТЫ БИЗНЕСМЕНДЕРДІҢ 10 КЕҢЕСІНЕ ҚҰЛАҚ АСЫҢЫЗ

ТАБЫСТЫ БОЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ТАБЫСТЫ БИЗНЕСМЕНДЕРДІҢ 10 КЕҢЕСІНЕ ҚҰЛАҚ АСЫҢЫЗ

Кез-келген адам ішкі жан-дүниесімен, күш-жігерімен, өз-өзіңе деген сеніммен толыққанды жұмыс істесе, ақыр соңында табысқа қол жеткізе алады. Бұл - ақиқат. Дегенмен де, іс жүзінде көбінесе кереғар жағдайлардың туындауына не себеп? Қолға алынған істі аяқтай алмай, бойдағы қуаттың бәсеңдеуі неден болады?
Негізінде, барлық мәселе - адам бойындағы күш-жігерге байланысты. Әлемдегі табысқа қол жеткізген атақты кәсіпкерлер өздерінің күш-жігерлерін арттыру үшін ішкі жан-дүниесімен тығыз жұмыс жасайды. Себебі, осы мәселе көптеген басшылар мен компания иелерінің осал тұсы болып табылады.
Сонымен, бойдағы күш-жігерді қалай арттыруға болады? Әрине, әр адамға өзіндік шешім табылады. Дегенмен, біз атақты миллионерлердің жеке өмір тәжірибесінен алынған 10 кеңесті ұсынуды жөн көрдік. Олар осы мәселенің шешімін қалай анықтаған екен?
1. Сәтсіздіктен қорқу.
Табысты кәсіпкер, бизнесмен Марк Кубанның 2017 жылғы есеп бойынша дәулеті 7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ол Даллас Маверикс атты баскетбол командасының иесі, сондай-ақ түрлі компанияларда СЕО бойынша көп жылдық еңбек өтілі бар.
Марк адамның бойындағы ең басты қозғаушы күш - сәтсіздік алдындағы қорқыныш екендігіне сенімді. Дәл осы қасиет біздің күш-жігерімізді арттыруға көмектеседі және үздік болу үшін көп жұмыс істеуге жігерлендіреді.
«Сіздің қай салада жұмыс істейтіңіз немесе қандай бизнесті қолға алатыныңыз маңызды емес. Сіз сәтсіздік пен жеңіліс қаупін үнемі сезінетін боласыз. Әсіресе, бұл ІТ-технология саласына қатысты. Сізге жүйелі түрде өз-өзіңізбен жұмыс істеп отыру қажет. Себебі, әлем мен бизнес бір орнында тұрмайды, тұрақты өзгеріп отырады. Еңбек нарығында 18 жастағы жас кәсіпкер өзінің жақсы идеясымен пайда болып, көшбасшы болу қаупі әрқашан болады. Ал сіз осындай бәсекеге төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайсыз. Дәл осындай мысал менің күш-жігерімді арттырып отырады», - дейді Марк.
«Мен жұмыс істеген әр компания өз пайдасын және нақты табыс ұғымын дұрыс бағаламайтын. Барлығы тек сандарға көңіл бөледі. Мәселен, инвесторлар мен олардың салатын қаржысын мысал ретінде алуға болады. Егер де сіз өз қаражатыңызды 20 кәсіпорынға салсаңыз, әрине, сіз сәйкес табысты күтесіз. Дегенмен, бір фирма көп түсім береді де, қалған 19 компанияның шығынын толығымен жабады. Көп жағдайда басшылар осы жағдайды «ақталған қауіп» деп есептейді. Менің ойымша, бұл - сәтсіздік. Себебі, әр шығын - бұл мәселе. Сәтсіздік жағдайында неден айырылып қалатыныңызды және неге ие болатыныңызды ойлаңыз. Және бұл жайт сізді жұмыс істеуге ынталандыруы тиіс.
Өткенде мен инвестицияларда 1,5 миллион долларды жоғалтып алдым. Маған «Бұл - ең жаман дүние емес, себебі, сенде ақша бар және келесі жолы табысқа қол жеткізесің» деп айтқандар табылды. Бірақ, келесі жол болмауы тиіс. Егер де мен сәтсіздік мүмкіндігін дұрыс есептеген жағдайда, бұл мәселе болмайтын да еді.
Сіз өзіңізге үнемі сұрақ қойып отыруыңыз тиіс. Мен нені дұрыс істемей жатырмын? Мен кімге сенім артуым тиіс? Менің сенімімді ақтай алады ма? Келесі жолы осындай мәселе туындамауы үшін неге көңіл аударуым тиіс?»
2. Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.
Бұл - табысқа әкелетін және өз күш-жігеріңізді арттыруға көмектесетін бірден-бір жол! Due компаниясының ортақ құрылтайшысы және техникалық директоры Алмерс Браун осылай есептейді.
«Стартаперлер мен кәсіпкерлер өз істерің көп қаржы табу үшін ғана бастамайды, олар өз идеяларын іске асыруға талпынады. Біз өз ісімізден рахат табамыз. Осы себепті, біз арманымызды жүзеге асыру үшін тұрақсыздық қаупіне тап боламыз. Өз сүйікті ісіңмен айналысу және жұмыс істеу бойдағы күш-жігеріңді арттырады.
Өкінішке орай, сіздің арманыңыздағы жұмыс әрқашан жақсы шешім болмайды. Әсіресе, пайда табу жағынан мүлдем сәтсіз болуы мүмкін. Кейде сіздің сүйікті ісіңіз бос уақытта көңіл көтеру үшін айналысатын жоба ретінде ғана қабылданғаны жақсы. Және де бұл - дұрыс шешім. Егер де сіз өз арманыңызды толыққанды жұмысқа айналдырғыңыз келсе, онда мен сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірнеше кеңес берейін:
Қолға алған ісіңізді үнемі және барынша жетілдіріп отырыңыз.
Нарықты, өзіңіздің салаңызды зерттеңіз және онымен тығыз жұмыс жасаңыз.
Өз арманыңызды басқалармен бөлісіңіз - сізбен ойы бір жерден шығатын топты жинаңыз және үлкен топ болып жұмыс істеуді үйреніңіз.
Бақытты болыңыз және күш-жігеріңіз арта берсін.
Көңіліңіз қаламайтын немесе қолыңыздан келмейтін міндеттерді басқаға жүктеуден қорықпаңыз. Өз ісің жақсы атқаратын мамандар әрқашан табылады және сізге көмектесе алады».
3. Оптимизм.
Төлем қою және төлеу жүйесін онлайнға ауыстырған Sighted компаниясының негізін қалаушы Мюррей Ньюлендс Think Different кітабында жақсы ойлаудың жаңа әдістемесін ұсынды.
«Өз жұмысынан шаршау, қорытынды нәтижеден көңілі қалу - бұл әр басшының басынан өтетін жағдай. Және осы кері ойлау біздің қуатымызды кетіреді, жұмыс істеу және даму қабілетімізді, табысқа жетелейтін бар ынтамыз бен күшімізді жоққа шығарады.
Жақсы көңіл-күйді сақтау - ең маңызды шарт. Әсіресе, егер де сіздің фирмаңыз сәтсіздікке ұшырап, сонымен қатар өміріңізде кедергілер пайда болса, көңіліңіздің құлазуына жол бермеңіз. Өзіңізге күш-жігеріңізді арттыруға көмектесетін сөздер жазылған суреттерді жасап алыңыз. Оларды жұмыс үстеліне қойыңыз немесе көз алдыңызда көрініп тұратын жерге іліп қойыңыз. Бұл суреттер сіздің көңіл-күйіңіздің жақсы болуын қамтамасыз етеді».
4. Бас тарту күші.
Airbnb тұрғын-үй сатумен айналысатын, миллиардтаған табысқа ие компанияның құрылтайшысы және бас директоры Брайан Чески бас тарту кәсіпкерлерге алға жылжуға көмектесетін ең басты факторлардың бірі деп санайды.
«2008 жылғы 26 маусымда жақын досым бізді жеті танымал инвесторларға таныстырды. Бізге ол кезде фирмамызды дамыту үшін 150 000 доллар қажет болды. Дегенмен де, біз стартапер болмаған едік. Компанияның жалпы құны 1,5 млн. долларды құрайтын. Бұл дегеніміз 150 000 долларға Airbnb компаниясының 10 пайызын сатып алу мүмкін болды.
Біздің ұсынысымыздан бесеуі бас тартты, ал екі инвестор бейтарап күйде қала берді. Олар өте ақылды адамдар болатын. Себебі, ол кезде фирма көзге түсерліктей танымал болмады. Дегенмен де, олардың бас тартуы бізді одан да жақсы жұмыс істеуге және үздік болуға талпындырды. Нәтижесінде бүгінде компанияның табысы 30 миллиард АҚШ долларын құрап отыр».
5. Тың идеяларға толы, қуатты адамдармен қарым-қатынас орнатыңыз.
Facebook компаниясының негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Марк Цукерберг компанияныңыздың серіктестері мен өзге де қызметкерлері қажетті деңгейде ынталы болған да ғана күш-жігеріңіз пайда болады деп есептейді.
«Ешқашан өз компанияңызбен жалғыз айналыспаңыз. Әлемді өзгертетін үрдістер мен кәсіпорындар бір адамның қолымен жасалмайды. Сізге үлкен топ қажет!
Өз ісінің хас шеберлері болып табылатын немесе сіз білмейтін салаларда табысқа қол жеткізген адамдарды іздеңіз. Фирмаңыз нарықта көшбасшы болу үшін қажетті кәсіби біліктілікке ие адамдар болуы тиіс. Өзіңізді қаншалықты кәсіби деп есептесеңіз де, сіз білмейтін салалар бар.
Жұмыс істеуге ынталы адамдар сіздің күш-жігеріңізді арттыруға көмектеседі және бәсекелестер алдында компанияңызды алдыға шығаруға жәрдемдеседі».
6. Ешқашан өз-өзіңізді мүсіркемеңіз.
АҚШ-тың ең бай бизнесмен әйелдерінің бірі Барбара Коркоран - ең ірі The Corcoran Group тұрғын-үй агенттігінің басшысы. Ол жалпы бизнес, табысқа қалай қол жеткізгендігі туралы және көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер қажет екендігі туралы кітап жазады.
«Менің ең табысты болған сәттерім сәтсіздіктерден кейін келді. Сондықтан да, мен әр сәтсіздікке ықтимал мүмкіндік ретінде жақсы көзқараспен қарайтын болдым. Егер де сіз сәтсіздіктерге көңіл бөлмесеңіз, көп ұзамай әр сәтсіздіктен кейін жақсы уақыт туындайтынын анықтайсыз. Бұл - менің күш-жігерімді сақтауға көмектесетін сенім. Мен өзімді мүсіркемеуді үйрендім. Ешқашан! Бір жаман нәрсе болса да, қанша ақша жоғалтсам да, өз-өзімді мүсіркеп, аямаймын. Сіз өз-өзіңізді аяуға жұмсайтын бес минут бар күшіңізді алып қояды және ықтимал мүмкіндікті көруге кедергі жасайды».
7. Сізді қоршаған ортадан шабыттаныңыз.
«Шабыт - өзіңіздің күш-жігеріңізді арттыру үшін қолдана алатын қозғаушы күш», - деп есептейді кәсіпкер Джордан Циммерман. Ол шабытты қоршаған ортадан, әр нәрседен және сүйікті адамдарының табыстарынан іздейді.
«Қазір менің қызым - менің ең үлкен шабытым. Мен біздің қаламыздың болашағын ойлағанда, бірінші кезекте, қызымның қандай ортада өсетінін ойлаймын. Бұл мені әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін жұмыс істеуге бағыттайды.
Мен өзге адамдардың әңгімелерін күнде естимін. Мәселен, жақында біздің компанияда жұмыс істейтін әріптес-әйелмен сөйлестім. Ол Нью-Йоркта жұмыс істейді, ал оның қызы Лос-Анджелесте тұрады. Бір күні оның қызы бөлмелес көршісімен сөзге келіп қалады да, қиындықтарға тап болады. Яғни, сол тұратын жерінен кетіп, басқа үйде тұруға бел буады. Анасы өзі жұмыс істейтін бөлім басшысына қоңырау шалып, компания жүргізушісінің қызына көмектесуін сұрайды. Олар Лос-Анджелесте жиі болатын жүргізушіге қоңырау шалады да, жүргізуші қызының заттарын алып, көшуге көмектеседі.
Бұл оқиға мені қуантады, күш-жігерімді арттырады. Бұл дегеніміз - біз қызметкерлер өзара жақсы қарым-қатынас орнатқан компанияны құрғанымызды көрсетеді. Біз әлемді жақсы жаққа өзгерте алдық және бұл - біздің фирма одан да жақсы бола алатындығының дәлелі».
8. Өз жұмысыңызға қадалып қалмаңыз.
Иә! Жұмыс істейтін нарығыңыз бен өз бизнесіңізді, оның болашағын қалай көретіңізді ойлаңыз, бірақ бұл жайтқа қадалып қалмаңыз. Себебі, сіз осыдан әрі кете алмай, байланып қаласыз. Миллиардер Илон Маск аптасына жұмыс уақытының 30 минутын SpaceX компаниясының жобасын әзірлеуге және қосымшалар енгізуге жұмсайды екен. Сонымен қатар, Маск көп уақытын негізгі өзекті мәселелерді реттеуге кетіреді.
9. Алғыс айта біліңіз.
The New York Times нұсқасы бойынша бестселлерлер топтамасының авторы, кәсіпкер Гари Вайнерчук адамның күш-жігері өз жұмысына деген алғыстан туындайды деп есептейді.
«Көп жағдайда менен күш-жігер туралы сұрағанда, ол алғысқа байланысты деймін. Егер де сіз шынымен жеңіске қол жеткізгіңіз келсе, алғыс айта біліңіз.
Өз жұмысыңды бағалай білу қабілеті - бизнестегі ең күрделі кезеңдерде көмектескен шарт. Табысқа қол жеткізгенде немесе өз фирмамның табысын көрген жағдайда, мен алғыс айтамын. Сіз іштей алғысты сезінген жағдайда, күш-жігеріңіздің артпауы мүмкін емес».
10. Күш-жігер туралы ойламаңыз.
«Көп адамдар жұмыс жасаудың алдында күш-жігерінің пайда болуын күтеді. Сіз үшін жаңалық: бақытты адамдар және өз ісінің мамандары күш-жігердің туындауын сырттан күтпейді, олар өздерің жұмыс істеуге бағыттайды, ал күш-жігер уақыт өте пайда болады», - деп есептейді АҚШ-тағы ең үздік және танымал бизнес жаттықтырушылардың бірі Мария Форлео.
Сіз кез-келген істі қолға алған жағдайда, күш-жігеріңіздің алатын рөлін анықтай алдыңыз. Дегенмен, күш-жігеріңізді арттыру қиын емес. Тек талпынып, өз-өзіңізге деген сеніміңізді берік сақтаңыз!


15 қазан 2018 ж. 851 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области