ТАБЫСТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...

Ал табысты болуға не кедергі? Табысты болу үшін қандай құндылық қажет?
«Табысты болудың ең іргелі факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек», - деп пікір білдірген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Рас, бүгінде білімнен ада болған адамның табыстан да құралақан қалары сөзсіз. Білімнен кейіндеп қалған адамның орыны қара жұмыста. Әрине, бұл да еңбек. Бірақ табысың күнелтуден аспаса, өзіңді қалайша табысты адам сезінесің?!
Міне, осы себептен адамның табысқа жетелейтін бірден-бір даңғыл жол ретінде білім алудың қажеттілігі дәлелденеді. Білім – адам сапасын, адам деңгейін анықтайтын фактор. Демек, өз деңгейіңе қарай табыс табасың.
Білім ал! Болашағыңа көз сал! Табыс тап! Өмір сүр!