Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ИЕЛЕНДІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ИЕЛЕНДІ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын.  Осы орайда ғылым мен білімнің киелі қара шаңырағына айналған Сыр еліндегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орны ерекше.
    Мәскеу қаласындағы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің қабылдау залында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық «Признание» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Халықаралық сыйлық университеттің білім мен ғылым саласындағы жоғары жетістіктері, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін және экономикалық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
    Халықаралық сыйлықты Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы, Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасы, өнеркәсіп қызметкерлері мен кәсіпкерлер одағының қолдауымен Еуразиялық экономикалық одақ тағайындады. Сыйлық еңбек нарығында қарқынды дамып жатқан, халықаралық есептілік және ақпараттық ашықтық, жариялылық стандарттарын басшылыққа алып қызмет ететін ресейлік және шетелдік ұйымдар, кәсіпорындар мен басшыларды марапаттауға арналған.
    Осыған орай Еуразиялық экономикалық одақтың «Ұлттық бірлік» мемлекеттік бағдарламасының ұйымдастыру комитеті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігі, ғылым мен білімді дамытудағы ерен еңбектері үшін іргелі білім ордасын марапаттау туралы шешім қабылдады.
    Халықаралық сыйлықты  және дипломды Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Ресейлік экспорттық орталығының директорының орынбасары Константин Грисман және Ресей Федерациясының халық әртісі, танымал тележүргізуші және Орталық теледидардың хабаршысы Анжелина Вовк табыстады. «Признание» сыйлығына Қазақстанның бірнеше кәсіпорындарымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті де ие болды.

20 желтоқсан 2017 ж. 875 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области