Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІ

МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІ


Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті байқау кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Алдымен, 2018-2019 оқу жылына оқуға студенттер қабылдау қорытындысы туралы университет ректоры Қылышбай Бисенов мәлімдеді. 18-26 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу кезінде 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын айқындайтын конкурсқа қатысуға ынта білдірді. Аталған білім ордасының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған 3651 талапкердің 2485-і мемлекеттік білім беру тапсырысын иеленді. Соның 247-сі немесе 17%-і ғана университет мамандықтары бойынша оқуға қабылданды.
– Бұл талапкерлердің бізді таңдамайтынынан емес, мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережесіне байланысты. Себебі жыл сайын білім гранттары педагогикалық бағыт бойынша және мақсатты түрде бейінді жоғары оқу орындарына бөлініп, ол оқу орындарына талапкерлер төмен балмен білім гранты бойынша түсті, – деді Қ.Бисенов.
Осы орайда байқау кеңесі Білім және ғылым министрлігіне «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» туралы заңға сәйкес университетке 2019-2020 оқу жылында мақсатты түрде 500 мемлекеттік білім грантын бөлуді сұрап, хат жолдауға уағдаласты.
10-25 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде күндізгі оқу бөліміне – 1109, сырттай жеделдетілген оқу бөліміне 683 талапкер ақылы негізде оқуға қабылданды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл оқуға қабылданғандар саны 945-ке артық. Университет басшылығы студенттер контингентін одан әрі арттыруды басты міндет санайды.
Хабарламашы магистратура мен докторантураға қабылдау көрсеткішімен де таныстырды.
– Қабылдау комиссиясы магистратураның 30 мамандығы бойынша 1 шілде-20 тамыз аралығында магистратураға түсушілерден құжат және емтихан қабылдады. Сынақ нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 132, ақылы негізде 127 магистрант қабылданды. Докторантураға 8 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде – 20, ақылы негізде 1 талапкер түсті, – деді ол.
Одан кейін алдағы университеттің үш жылға арналған даму бағдарламасы таныстырылып, оқу орнының «шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» мәртебесін «коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесіне көшіру жөніндегі ұсыныс талқыланды.
Аймақ басшысы адами капиталдың маңызы артып, білім төрге озған заманда саннан гөрі сапаға баса мән берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім гранттары еңбек нарығындағы жағдай ескеріле отырып бөлінуі тиіс екенін қаперге салды.
– Университет ұжымының назарын бірнеше мәселеге аударғым келеді. Біріншіден, оқытушылық құрамның ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуі керек. Екіншісі – үштілділік. Студенттер орыс және ағылшын тілдерін игерместен оқу орнын бітіріп шығады. Бұл олардың таным көкжиегін тарылтып, сұранысқа сай келмейтін мамандар қатарын көбейтеді. Үшіншіден, жастарды жаңа мамандықтарға баулу өте маңызды. Облыста, мысалы, туризм саласының маманын таппайсың. Сонымен қатар, университет корпустарын Wі-Fі интернет желісімен қамту қажет. Қазіргі күні студенттер түгілі, оқытушылар осы мүмкіндікті пайдалана алмай отыр, – деді облыс әкімі.
16 қазан 2018 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области