Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕНУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕНУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ


Қызылордада «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім» бағытындағы аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Президенттің үшінші бастамасы бойынша «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру» бағытындағы жұмыстар жан-жақты пысықталды.
Жалпы, облыс бойынша биыл 7112 түлек мектепті аяқтаған. Олардың 4742-і ҰБТ-ға қатысып, 57,6 пайызы мемлекеттік грант иеленген. Грант иегерлері саны өткен жылмен салыстырғанда 509-ға артқан. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова хабарлама жасап осы бағыттағы нәтижелі көрсеткіштерді атап өтті.
– Билығы түлектердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 66,6%. Орташа балл 85,82 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 балға өсіп отыр. 2733 бітіруші мемлекеттік гранд иеленді. Оның ішінде 823-і «Серпін» бағдарламасы бойынша.Талапкерлердің 45,2 пайызы техникалық, 25,4 пайызы педагогикалық, 7,5 пайызы медициналық, 10,3 пайызы ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 11,3 пайызы басқа салалардың үлесінде. Жалпы облыс бойынша 6889 түлек жоғары және арнаулы оқу орындарына оқуға түсті, - деді басқарма басшысы.
Жиында мемлекеттік білім беру тапсырысының орныдалысы төңірегінде жоғарғы оқу орындары мамандары да хабарлама жасады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Абзал Шегенбаевтың айтуынша 18-26 шілде аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім беру гранты конкурсына 3651 талапкер қатысып, 2485 мемлекеттік білім беру тапсырысы иегерлері атанған. Олардың 248-і Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті мамандықтарын тандаған.
Өңірде сондай-ақ мектеп түлектерінің ең үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуына зор мүмкіндік жасалған.
Қызылорданың 452 білімді жасы Ресей Үкіметінің грантымен Мәскеу және Санкт-Петербургтің үздік техникалық ЖОО-да білім алуда. Онан бөлек жыл сайын ауылдық жерлердегі көп балалы және аз қамтылған отбасылары балаларына облыс әкімінің арнайы 100 гранты бөлінеді. Биылдан бастап бұл гранттың саны 200-ге жеткен. Олардың 70% ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға арналған.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың Парламентаралық Ассамблеясына қарасты университетпен Меморандумға қол қойылып, өңірдегі үздік мектеп түлектеріне жыл сайын 10 білім беру грантын бөлу туралы келісімге қол жеткізілген.
Осындай жақсы жаңалықтармен отырысты қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев «Білім» бағытындағы комиссияның жұмысына оң бағасын беріп, ендігі жерде олардың сапалы білім алуына бақылау жасау қажеттігін алға тартты.
17 қыркүйек 2018 ж. 613 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области