Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨЛКЕТАНУ – ОТАН ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ

ӨЛКЕТАНУ – ОТАН ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ


Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерімен ұштасқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары Солтүстік Қазақстан облысының тарихымен танысуға мүмкіндік алды.
Тәрбиелік маңызы зор бұл жоба бойынша жас өрендер 10 күн бойы ақ қайыңдар өлкесінің көрнекті жерлерін зерттеп, елді мекендердің тұрмыс-тіршілігімен танысатын болады.
Экспедиция бағдарламасы Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Шоқан Уәлиханов сынды ұлт ұлыларылардың өмір жолын зерделеу,олар туралы құнды ақпарат жинау шараларын қамтиды.
Сондай-ақ велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорт сарайына саяхаттап, велоспортшының отбасымен кездеседі деп жоспарлануда.
Оқушылардың туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша мән беріп, бойында шынайы патриотизмді дамытуға бағытталған жоба Қостанай, Шымкент, Семей, Павлодар, Алматы, Астана, Ақтау қалаларында да өтуде.




22 қазан 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области