БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен облыстық отбасылық байқау бастауыш партия ұйымдары арасында өтті. Оған аумақтық партия филиалдарынан 10 отбасы қатысып бақ сынасты.
Негізгі мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, бастауыш партия ұйымдарына жан-жақты қолдау көрсету.
Шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты екенін атап өтті.
-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуға тиістігін атап көрсеткен. Бұл жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алатындығының кепілі. Сондықтан отбасындағы ынтымақты, береке мен бірлікті сақтай отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылады»,-деді Ибадулла Құттықожаев.
Бұл байқауда аумақтық кезеңнен озық шыққан бастауыш партия ұйымдарынан 10 отбасы қатысып, таныстыру, өз өнерін көрсету сонымен қатар ел, өңір, партия тарихынан дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беріп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын заману тұрғыда насихаттау бойынша сынға түсті.
Шара соңында жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені «Тұран» филиалына қарасты «Айқын» бастауыш партия ұйымының - Дәуренбековтер отбасы, І орынды Қызылорда қалалық партия филиалына қарасты «Ақмешіт» бастауыш партия ұймынан Тұрабаевтар отбасы, ІІ орынды Жалағаш аудандық партия филиалына қарасты «Шәменов ауылдық округі» бастауыш партия ұйымынан Қалжановтар отбасы иеленсе, жүлделі ІІІ орын Қазалы аудандық партия филиалына қарасты «Кәукей ауылы» бастауыш партия ұйымынан қатысқан Сексенбаевтар отбасына бұйырды.
Қалған бастауыш ұйым отбасылары да түрлі номинацияларға ие болып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.
- Отан отбасынан басталады. Үлгілі отбасы кейінгі ұрпаққа қолжетімді көрнекі құрал іспетті. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған бұл байқау Елбасы көздеген жаңғырудың жарқын үлгісін насихаттауда өзгеге үлгі көрсетіп отыр»,- деді бас жүлде иегері «Тұран» филиалына қарасты «Айқын» бастауыш партия ұйымының мүшесі Қуаныш Дәуренбеков.