ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн суытып, жауын-шашын жауады. "Аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстандағы ауа райы өзгере бастайды. Суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына жылжыды және демалыс күндері шығыс бағытта жылжи отырып, жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар және Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының төмендеуін тудырады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.