АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Синоптиктер 2017 жылдың 17-19 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. "Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градустан төмен болады екен.