КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылының мерзімін 3 жылға ұзартқаны белгілі. Бұл дегеніміз, өңірде кәсіпкерлік саласының көкжиегін одан әрі кеңейтіп, кәсіпкерлер санын арттыру. Облыс әкімінің өз сөзімен айтқанда халықтың өз қолын, өз аузына жеткізу.
Осыған орай кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша бүгінде қарқынды жұмыстар атқарылуда. Аталған саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тоқталып өтсек.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында қалада және қалаға қарасты ауылдық округтерде үстіміздегі жылдың басынан бері шағын несиелендірумен 580 млн. 497 теңге көлеміндегі 104 жоба қаржыландырылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде 54 жобаға немесе 2 есеге арттып отыр. Өткен жылы 270 млн. 700 мың теңгені құрайтын 50 жоба қаржыландырылып, 78 адам жұмыспен қамтылған.