Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ» БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

«БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ» БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оразбай Қосановтың «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері өткізілді. Шараға ақынның «Бозторғай» өлеңінің әнін жазған облысқа белгілі композитор Аққошқар Сералиев, «Сыр өрені» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, №7 мектеп-лицейдің, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Кітап балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіліне, ой-өріс қиялына, тез түсініп, жеңіл қабылдауларына лайықталып жазылған. Ұлтымыздың бояуы мол дана тілімен қанықтырылып, түрлі-түсті суреттермен көркемделген.
Шараға қатысқан балалар ақын Оразбай Қосановтың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ата-ананы, үлкендерді сыйлап, табиғатты танып, қорғай білуге шақырған өлеңдерін жатқа оқыды. Мың бұралған би мен әсем ән орындады. Оразбай Қосановтың немерелері аталарына өз құттықтауын арнап, әннен шашу шашты.
Шара барысында «Бала тілін тапқан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнекөрсетілім көптің назарына ұсынылды.



30 қазан 2018 ж. 623 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области