ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АГРАРЛАР МОНҒОЛИЯ, ТҮРКИЯ, АУҒАНСТАН НАРЫҚТАРЫН ИГЕРУДЕ
Қызылорда облысының күріш өнімдері Монғолия, Түркия, Ауғанстан нарығына шығуда. Дәстүрлі өнімдерінен бөлек Иранға экспорттау үшін Иран сорттарын да шығару қолға алынды.
"Биылғы су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан 473 мың тонна (54,5 ц/га) күріш өнімін жинадық. Және ағымдағы жылы судың жетіспеуіне байланысты 600 мың га күріш егістігін жоғалттық. Сондықтан да, осындай жағдайларды болдырмау үшін қазір өңірде су тасқыны кезеңінде 2млрд.м3-тан астам су жинайтын "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларын салу мәселесін қарастырудамыз", - деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
2016 жылы бақша дақылдарының экспорты қайта жаңғыртылса, 2017 жылы Араб Әмірліктеріне, Иран, Монғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорты басталды, ал, ағымдағы жылы Қытайға алғаш рет мақсары майын жіберді. Қабылданған шаралар соңғы жылда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 28%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бірнеше жыл ішінде облыстың ЖІӨ-дегі ауылшаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға дейін артты. Бұл экономика құрылымындағы өзгерістердің сапалылығын аңғартады.