Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ескерткіштердің 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленді

Ескерткіштердің 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленді

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларының 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, QR-код орнатылды.
Елбасының мемлекетіміздің жан-жақты дамуы үшін «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жария еткен кезекті Жолдауында келер жылды Жастар жылы деп жариялауы және «Өз жеріңді танып біл» атты бастамасы өткен тарихымыз бен дәстүрлеріміздің асыл құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуда жасалған маңызды қадам болды.


Бүгінгі жаһандану және ақпараттық технологиялардың дамыған уақытында тарихи және қасиетті орындарымызды, ескерткіштерімізді кең көлемді насихаттап, танып білуде соңғы сандық технологияларды пайдалануға мүмкіндік алып отырмыз.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе арқылы 2 жоба: «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» және «Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобалары сәтті жүзеге асырылды.
Бүгінгі күні интерактивті карта облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің www.kyzylorda-pamyatniki.kz ресми сайтында орналастырылып, қолжетімді болып отыр. Онда ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі нысандар, республикалық және жергілікті маңызы бар 150 тарих және мәдениет ескерткіштері қамтылды. Интерактивті картада ескерткіштер арнайы белгілермен белгіленді, қолданушы оны басқанда өзіне қажетті ақпаратты алуына мүмкіндігі бар. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық витруальды моделі қалыптасып, барлық ракурстан түсірілген көлемді бейнесінен кез келген нүктеден көруге болады және нысан туралы 3 (үш) тілде толық ақпараттық база дайындалды.
Осы жұмыстарды жүргізу барысында облыс орталығы мен аудандарда заманауи техникалармен жабдықталған далалық экспедиция жұмысы ұйымдастырылды. Экспедиция ескерткіштердің 3D форматтағы моделін дайындау кезінде аэрофото түсірілімін, ескерткіш орналасқан орны мен табиғи ландшафтын көрсететін сканерлеу жұмыстарын атқарып, нысандардың тарихы мен аңыз-әңгімелері жинақталды.
«Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы “Quick Response - Шұғыл жауап”- деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. QR-кодтың көмегімен интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде (мобильді байланыс тартатын, интернет қолданылатын орындар) ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Тарихи орындармен танысу барысында QR-кодты қолдану өте қызықты және ыңғайлы интерфейс болып табылады. Тарихи мәліметтерді алумен қатар, туристер сол орында еркін бағдарлап жүре алады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.
Қорыта айтқанда, бұл жобалар өлкеміздің тарихымен қызығатын кез-келген азаматтарының, оның ішінде жастардың ізденіс жұмыстарын жүргізуге үлкен көмегін тигізері хақ. Әрбір жас өз жері мен оның тарихын танып білуі үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Осы орайда, аталған жобалар тарихи-мәдени мұраларымыз туралы кең-көлемді ақпарат алу және насихаттау жұмыстарында таптырмас құрал болып табылады деп есептейміз.

«Қызылорда облыстық тарихи және мәдени
ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ
07 қараша 2018 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области