Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020»: 30 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020»: 30 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ


Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында осыдан 8 жыл бұрын іске қосылған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы айтқан болатын. Өңірлерге жасаған іс-сапарлары кезінде аталған бағдарламаның тиімділігі көп екеніне көз жеткізгенін айтып өткен Елбасы оны 2025 жылға дейін ұзарту керек деп шешкен болатын.
Кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуы жыл өткен сайын Қызылорда қаласында да қарқын алып келеді. Бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 55 жоба ұсыну жоспарланған. Қазіргі таңда, «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» 1 млрд. 681 млн. 775 мың теңгені құрайтын 30 жоба қолдау тапты.
Жыл басынан бері қалаға қарасты елді мекендерден қайтарымсыз грант алуға құны 426 млн. теңгені құрайтын 171 жобаның құжаттары конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, жалпы құны 63 млн. теңгені құрайтын 52 жоба қолдау тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 жобаға, яғни 55,7 пайызға артып отыр. Өткен жылы 43 млн. теңгені құрайтын 29 жобаға қайтарымсыз қаражат берілген болатын.
30 қазан 2018 ж. 786 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области