Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР


Арал ауданында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша жалпы құны 309,9 млн. теңге болатын 9 жоба қаржыландырылды. Бұған қоса, құны 60 млн теңгені құрайтын 2 жобаға кепілдендіру іске асырылды .
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мұқтар Оразбаев мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, Қамбаш көлінің жағасында туризмді дамыту шаралары жалғасын табуда. Биылғы жылы қосымша 10 демалыс үйінің құрылысы салынып, жаз маусымында жағалауда 31 кәсіпкер 104 нысанда халыққа қызмет көрсетті. Көл жағасында 82,5 мың адам тынығып, демалды.
Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 90 адам оқу курстарын аяқтады. Ал, «Бастау Бизнес» жобасының 1, 2 және 3 лектерінде 121 адам оқу курстарын бітірді.
24 қыркүйек 2018 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области