ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АРТА ТҮСТІ
Өткен жылы аймақта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 779,619 млн. теңге бөлініп, бірқатар жобалар қолдау тапты. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 1 477 адам «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқу курстарынан өтті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Е. Кимнің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Сондай-ақ, былтыр аймақта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асырыла бастады. Аталған бағдарлама аясында 434 кәсіпкеге микрокредит берілді.
– «Бастау-Бизнес» жобасы асында 937 адам оқу бітіріп. Оның ішінде 364 адам өз бизнес-жоспарларын қорғап шықты. Былтыр «Даму-Аймақтар» бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млнн, «Даму» қорынан осы көлемде қаржы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша жалпы құны 1 178,9 млн. теңге болатын 48 жоба қаржыландырылды, – деді облыс әкімінің орынбасары.