Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Қазақтың бүгінгі күнге дейін өз дәрежесін түсірмей, керісінше, уақыт өткен сайын жиі-жиі ұйымдастырылып, жастар арасында кеңінен таралып келе жатқан ұлттық ойынның түрі – тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақты төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан сопақша келген ұясы, әр қатар үшін бірден жасалған екі қазан болады. Олардың түсі екі бөлек. Әр ойыншыға 81-ден құмалақ беріледі. Олар ұяларға 9-дан орналастырылады. Ойын шарты бойынша тоғызқұмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы адам өзінің кез келген ұяшығында бір құмалақты қалдырып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап ұяларға салып шығады
. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің тас саны жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгелімен, өз қазанына аударып алады. Ойын барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалып, оған қарсыласы ең соңғы тасын салып үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Бұдан кейін сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшеді. Қазанына жалпы 82 құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.
08 қараша 2018 ж. 1 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области