Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазіргі білім беру жүйесі оқушыларды жан-жақты болуға тәрбиелейді

Қазіргі білім беру жүйесі оқушыларды жан-жақты болуға тәрбиелейді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Мектептің білім беру үдерісі мен тәрбиелік жұмыстарды таныстыруға бағытталған шараға 200-ге жуық ата-ана қатысып, белсенділік танытты.

Ата-аналарды мектептің тыныс-тіршілігімен және оқушылардың оқу жетістіктерімен таныстыру мақсатында жылына бірнеше рет «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылып отырады. Жыл сайын ата-аналардың қызығушылығы артып, ашық есік күніне қатысушылардың саны өсуде. Бұл жолы шараға 179 ата-ана қатысып, мектептің жұмысымен танысты. Қатысушыларды мектепте күтіп алу бағдарламасы бойынша келген ата-аналарға өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен педагог-кураторлар дайындаған сабақтар мен тренингтер кестесі беріліп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тапсырмалар жапсырылған түрлі тәттілер үлестірілді. Содан соң ата-аналар балаларымен бірге пәндік сабақтарға қатысып, оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін бақылады.
«Математика, биология сабақтарына қатыстым. Сабақты өткізу барысы, форматы маған өте ұнады. Мұғалімдердің жаңа тақырыпты түсіндіру әдістері оқушылардың назарын аударып, ерекше қызықтырды. Өзім де оқушылармен бірге сабаққа беріліп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым», - дейді Ашық есік күніне келген ата-ана Ләззат Әміргаликызы.
«Әдебиет сабағында мұғалім оқушыларға жан-жақты білім берді. Тақырыпты түсіндіру барысында мемлекеттік бағдарламаларды негізге ала отырып оқушыларға талдау жасатты. Ауылдық жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамтамасыз ету секілді мәлелерді талқылай отырып, оқушылардың ой-өрісі кеңейте түсті», - дейді ата-ана Алиязахат Темирболатова.
Сонымен қатар, Ашық есік күні аясында ата-аналар педагог-психологтардың, дәрігер-педиатрдың және диетолог мамандардың тақырыптық семинар-тренингтеріне қатысып, сұрақтарына жауап алды. Педагог-кітапханашылардың дайындаған шарасында ата-аналар балалар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыратын әдістермен танысты. Сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін жұмыс істейтін мектептегі тәрбиелік жобалар жайында ақпарат алған ата-аналар үйірме, спорттық секцияларжәне элективті курстар жұмысын көрді. Білім, ғылым, өнер, спорт салалары бойынша зияткерлік мектеп шәкірттерінің шығармашылықкөрмесін тамашалай алды.
«Балаларымыз күніне 10 сағаттан астам уақыт мектепте өткізетіндіктен, олардың мектептегі өмірімен танысу мен үшін аса қажет болды. Психолог жүргізген тренингке қатысып, балаларымызға қатысты әр ата-ананың ойы мен проблемалары қозғалды. Балаларымыздың дұрыс тамақтануы жөнінде кеңес алдық әрі мектептегі ас мәзірінен өзіміз дәм татып, баға бердік. Ата-аналарға арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, керемет әсер алдық», - деп бөлісті ата-ана Аида Еркинбаева.
Мұнан өзге ата-аналар оқушылардың жетістіктері мен білім көрсеткіштерін бақылауға арналған ақпараттық-білім беру жүйесімен танысты, мектептегі бағалау жүйесі туралы мағлұмат алды.
Шара соңында ата-аналар «Ашық есік күніне» алған әсерлерін өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің арнайы дайындалған парақшаларына жазып, мектептің 5 жылдық меретойына орай жылы лебіздерін құттықтау жәшігіне қалдырды.



09 қараша 2018 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области