Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХҚКО-ларының жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

ХҚКО-ларының жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының іске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерістерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚКО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейді. Мысалы, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін қалдыра алады.
Бүгінгі күні астаналықтар ең белсенді қолданушылар болып отыр, олар ХҚКО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екінші орында оңтүстік астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесінде 26%. Осы ретте, жоба іске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келіп түскендігін айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшілігі кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін өзгертуге қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгізуге болатындығын естеріңізге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пікірлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздік идеялардың жеңімпаздары сыйлықтармен көтермеленетін болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.
Іріктеуден кейін, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлерінен тұратын комиссия мүшелері тарапынан іске асырылатын болады.
12 қараша 2018 ж. 476 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области