Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәуелсіздік тұғыры – рухани келісім

Тәуелсіздік тұғыры – рухани келісім


Осыдан 26 жыл бұрын 18-қазанда Алматы қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті. Конгреске қатысушылар бұл күнді Рухани келісім күні – татулық іздеу, қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтау салу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған болатын. Сол уақыттан бері қазақстандықтар бұл күнді татуласу жолын іздеу, адамдар арасында түсіністік орнату күні ретінде атап өтуде.
Айтулы датаға орай Қармақшы ауданындағы Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Бақытұлының жүргізуімен өткен жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, білім, әлеуметтік сала мамандары, үкіметтік емес ұйым, саяси партия өкілдері қатысты.
Шара барысында «Рухани келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында саяси ғылымдар кандидаты, доцент Ербол Мүбаракұлы, «Қоғамдық татулық пен ұлтаралық келісім – Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымының докторы Дәулет Кәрібайұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің төрағасы Шегебай Құндақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Төлегенқызы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Нұрлыбекқызы тақырып бойынша өз ойын ортаға салды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бұл мереке адамгершіліктің, толеранттылықтың, түсінушіліктің символы ретінде және жақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні болып жыл сайын атап өтуде. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу, – деді Шегебай Құндақбаев.
Шара соңында айтылған ұсыныс-пікірлер зерделеніп, қоғамдық ұйымдарға конференция ұсынымдары жарияланды.
13 қараша 2018 ж. 803 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области