Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

Өлген малдарға ветеринариялық зертханамен «лептоспироз» ауруына қорытынды берілген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады, бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша күні Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округінің Шалқия ауылында ұсақ мал (қой) қырылу дерегі тіркелген. Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, шығын - 116 бас қой. Алайда, ауру ошағын зерттеу барысында облыстық комиссия 40 бас қойдың өлгенін нақтылады.
"Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді", - деді аймақ басшысы.
Қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қора жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген.
13 қараша 2018 ж. 422 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области