«Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Іс-шараға Қызылорда қалалық пробация қызметінің испекторлары мен учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, қызметкерлер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
Аталған шараның 1 күнінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторларымен 50-ге жуық сотталғандар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, олардың 4-не жаза өтеу шарттарын бұзғаны, яғни белгіленген уақыттан кейін үй-жайында болмағаны үшін шартты соттаудың, жазаны атқару мерзімін кейінге қалдырудың күшін жою туралы, түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстармен немесе қамаумен, бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту берілді. Осындай тәртіп бұзушылықтардың қайталануының алдын алу мақсатында, заң шеңберінде шара қолданылатыны ескертіліп, олармен профилактикалық сипаттағы сұхбат жүргізілді.
«Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасы қараша айының 23-не дейін жалғаспақ. 
