Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өңірімізде дәрігерлер тапшылығын жоюдағы бірлескен қадам

Өңірімізде дәрігерлер тапшылығын жоюдағы бірлескен қадам

Қызылорда облысына Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин қызметтік іс-сапармен келді.

Іс-сапардың негізгі мақсаты, 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың негізгі денсаулық көрсеткіштерін және медицина кадрларын даярлау сапасын жақсарту арқылы жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ Ұлттық медицина университетінің арасындағы Келісім-шартты талқылап, бірлескен келісімге келу.
Ұлттық медицина университетінде облысымыздың 301 жастары білім алып жатыр. Ал оларды туған жерге тартудың алғашқы қадамдары осындай шаралар арқылы бастау алуда.
Алғашқы қадам ретінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, Университеттің 28 резиденті, 58 интерндері облыстың емдеу алдын алу ұйымдарында тәжірибеден өте бастайтын болады. Бұл жас болашақ мамандар үшін үлкен сабақ болар сөзсіз.
Іс-сапар барысында медицина ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіліп, ұйымдарға қажетті мамандар және тәжірибелік көмек көрсету шаралары туралы келісім жасалды.

15 қараша 2018 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области