Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік


Күз-қыс кезеңінде су айдындарында мұз қату кезеңінде қауіпсіздік мәселесі туындайды.
Тәжірибе көрсеткендей, су айдындарында адамдардың қайғылы оқиғаларға тап болуы, халықтың қауіпсіздік ережелерін білмегендігі және немқұрайлы қарағандығынан туындап отыр. Сондықтан халықты оқыту – құтқарушылар үшін басты міндет.
Осыған орай, Қызылорда облысының Сырдария және Арал аудандарында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша балықшылар мен орта мектеп оқушыларының арасында алдын-алу профилактикалық шараларын өткізді.

Іс-шара барысында құтқарушылар қыс кезеңінде су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі сипаттады, сондай-ақ төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.
Құтқарушылар балаларға қатпаған мұзға шығудың қауіп-қатерін еске салып, қиындыққа тап болған адамды қалай құтқару керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, құтқару қызметінің 112 нөмірін дұрыс теруді үйретіп және қыс мезгіліндегі су айдындарында қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтарын таратты.

Ескертпе!
Еш уақытта жұқа мұзға шығуға және мұздың қалыңдығын аяқпен теуіп тексеруге болмайды! Бұл үшін таяқшаны қолдану керек, мүмкін болса мұзға шықпаған жөн, әсіресе балаларға қатысты. Бұдан басқа, мұзда үлкен топтарға бір жерде жиналуға, мұзға секіріп, жүгіруге тыйым салынады.









22 қараша 2018 ж. 768 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области