Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан алғаш рет жұптық сында бақ сынайды

Қазақстан алғаш рет жұптық сында бақ сынайды


Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан өтетін «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирінде қазақстандықтар алғаш рет жұптық сында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елімізде алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұп жасақталды. Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов спорттық жұп ретінде алғаш рет айдынға шықпақ.

Сондай-ақ, 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық додаға Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатысатыны күтілуде. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы сында Айза Имамбек, ерлер арасындағы бәсекеде Артур Панихин мен Никита Манько бақ сынайды.
Сонымен бірге, 4 желтоқсан күні қазақстандық спортшылар Загребтегі халықаралық турнирге қатысатыны жоспарланған.


22 қараша 2018 ж. 396 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области