ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен «Күзгі жарыс» халықаралық турнирінде мәнерлеп сырғанаудан облыстың жасөспірімдер құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 4 жүлдемен оралды.
«Б» тобында 1 спорттық разряд бойынша еркін бағдарламада ұлдар арасында өнер көрсеткен Манас Бекташов пен қыздар арасында Диана Джармухамедова алтын жүлде иеленді.
2-разряд бойынша қыздар арасында Ариана Дигай қола жүлдеге қол жеткізсе, 3-разряд бойынша Бибінұр Дербісәлиева турнир жеңімпазы атанды. Ал Алина Жанділдаева бесінші орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады.
№4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшыларын жарысқа мәнерлеп сырғанаудан облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдова дайындады.