Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарихи жеңіс: Қызылордалық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Тарихи жеңіс: Қызылордалық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды


Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді қызылордалық Олжас Оразалыұлы алып берді. Бұл жеңіс – Қазақстан Паралимпия спорты тарихындағы алғашқы медаль болып саналады.
60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен 18 жасар жас спортшы қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Осы жеңісіне орай ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындады.
Айта кетейік, 15 жасынан бастап парадзюдомен шұғылданған Олжас былтырғы жылы ҚР Спартакиадасында күміс жүлдегер болса, Гран-при сайысында және биылғы жылы Әлем кубогы жарыстарында қола жүлделерді иеленді.

Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінде тәлім алатын Олжас үстіміздегі жылдың желтоқсан айында ҚР чемпионатына қатысады. Сондай-ақ, келесі жылы өтетін Азия чемпионатымен Бүкіләлемдік спорт ойындарына дайындықты бастайды. Жаттықтырушылары: Руслан Беркімбай, Қайрат Баякенов және Жанарбек Сансызбаев.
Жалпы Әлем чемпионатына 42 елден 267 спортшы қатысса, Қазақстаннан 7 спортшы бақ сынасты. Нәтижесінде жалғыз алтын медальмен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10-орынды алды.

Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінде 300-ден аса мүмкіндігі шектеулі азамат 11 спорт (отырып ойнау волейболы, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын-футбол, пауэрлифтинг, парадзюдо, арбадағы би) түрімен жаттығады.
Жетістіктерге келетін болсақ, биылғы жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен III Пара Азия ойындарында аймақ спортшылары, дзюдодан Азамат Тұрымбетов күміс жүлдені, отырып ойнау волейболынан Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Алмат Манабаев Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді.










22 қараша 2018 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области