Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылар зияткерлік сайыста білімін сынады

Оқушылар зияткерлік сайыста білімін сынады

Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектеп ұжымы тағылымы мол іс-шара өткізді. Бұл жолғы іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

"Үш тілдің патшалығы" атты зияткерлік ойынға аталған орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Олар 6 кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті.
Сайыс барысында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы кеңінен насихатталды. №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ұзақбаеваның айтуынша, оқушылардың білімін кеңейтуде зияткерлік сайыстардың алар орны ерекше. Сайысқа оқушылар белсене қатысу арқылы өз ойларын ашық айтуды үйренеді және көпшілікпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Айта кету керек, аталған зияткерлік ойын жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында жеңімпаз атанған оқушылар "Алғыс хатпен" марапатталды.


27 қараша 2018 ж. 914 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области