Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қалаға 338 бақылау бейнекамерасы орнатылды

Қалаға 338 бақылау бейнекамерасы орнатылды


Қызылордалық полицейлер "Қауіпсіз аула" жобасын жүзеге асыру бойынша қаладағы Б.Үсербаев көшесінің тұрғындарымен кездесті. Кездесудің мақсаты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ түрлі құқыққа қарсы әрекеттерге жедел әрекет ету.
Кездесуде облыстық Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі бойынша бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Салтанат Жүсіпова баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Бұлтты бейнебақылау» жүйесін ғимараттардың кіреберістеріне орнату, оны іске қосу үшін кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын атап айтты. Сонымен қатар "Қазақтелеком" АҚ-мен келісімге келген бейнебақылау қызметіне тұрғындар ай сайынғы төлем жүргізуі керектігі айтылды.

Қазіргі таңда Үсербаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің 16 подъезіне домофон есігі, «Бұлтты бейнебақылау» жобасына сәйкес мұнда 5 бейнекамералар орнатылған.
Айта кетейік, "Қауіпсіз аула" қағидасы бойынша Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 338 бейнекамера орнатылды. Алдағы уақытта тағы 100 бұлтты бейнекамералар орнату жоспарлануда.
28 қараша 2018 ж. 533 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области