Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1-қаңтардан бастап кәсіпкерлердің салық бойынша қарызы кешіріледі

1-қаңтардан бастап кәсіпкерлердің салық бойынша қарызы кешіріледі


2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салықтық амнистия жүргізіледі, деп хабарлайды 365info.
Амнистияға қатысатын 90 мың кәсіпкер жалпы сомасы 340 миллиард теңгені құрайтын қаражат қарыз екен.
Кәсіпкерлер 2018 жылдың бірінші қазанындағы көрсеткіш бойынша есептелінген негізгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтейтін болса, мемлекет өсімақы немесе айыппұлдарды кешіруге міндеттелді.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, ведомство 130 миллиард теңгені шығынға жазбақшы. Оның 123 миллиард теңгесі өсімақы, 7,3 миллиард теңгесі айыппұлдар екен.
Амнистияға акцизделген тауар өндірушілері, мұнай саласындағы компаниялар мен жалған кәсіпорындар қатыса алмайды.
Салық қарыздары жағынан Қарағанды облысы көш бастап тұр. Облыс қарызы 56 миллиард теңгені құраған.
Екінші орында Алматы қаласы — 54,2 млрд теңге, үшінші орында — 48 млрд теңгемен Шымкент қаласы. Шығыс Қазақстан облысының қарызы 39,3 миллиард теңгені құраған.



29 қараша 2018 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области