Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ 52-СІ ҚОЛДАУ ТАПҚАН

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ 52-СІ ҚОЛДАУ ТАПҚАН


Қызылорда облысы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басымды инвестициялық жобалардың көлемін белгілеу мақсатында 2019 жылға 54,6 млрд теңгені құрайтын 122 жоба ұсынылған. Бұл жобалардың 32-сі өтпелі, олар 17,7 млрд теңгені құрайды. Қалған 90 жаңа жобалардың әзірге 52-сі қолдау тапқан. Бұл инвестициялық жобалар қатарында Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесіндегі мектеп құрылысын аяқтау, Шиелі, Жалағаш аудандарында орталық ауруханаларды салу және басқада жобалар бар.
Аппараттық мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне алдағы 2019 жылы өтпелі жобалардың ішінен жалпы құны 1,9 млрд. теңге құрайтын 5 жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде қолдау таппаған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керектігі айтылды. Бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірлесе атқарылуы қажет.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қазан айында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Астанада салалық департаменттер мен ҚР Қаржы министрлігінде 2019 жылға арналған өңірді дамыту жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
01 қараша 2018 ж. 512 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области