Бақытжан Сағынтаев: Үкімет 2 млн жас маманға жұмыс тауып беруі керек
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкіметтің нақты жоспарлары бар. Болжамға сәйкес, алдағы 7 жылда шамамен 2 миллион жас маман - университет пен колледж түлектері отандық еңбек нарығына шығады. Олардың бәрін жұмыспен қамту қажет. Осыған байланысты біз 2025 жылға дейін 1 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін жобалық басқару жүйесі енгізілді. Қазірдің өзінде базалық салаларда ғана емес, өндірісті автоматизициялау мен цифрландыру бағыты бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр», - деді Б.Сағынтаев еңбек нарығының болашағына арналған халықаралық форумда.
Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде еңбек ресурстарына болжам жасаудың ұлттық жүйесі енгізілді. Негізгі мақсат - жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұранысты зерделеу. Соның аясында мамандарды даярлау және қайта оқыту шаралары атқарылады.
«2020 жылға дейін біз шамамен 550 кәсіптік стандарттарды бекітуді көздейміз. Аталған стандарттар экономиканың негізгі салаларын қамтитын болады. Бұдан бөлек, біз технологиялық жаңғыртудың нәтижесінде босап жатқан кадрларды басқа жерге көшіру тетіктерін қолға алдық.
«2020 жылға дейін біз шамамен 550 кәсіптік стандарттарды бекітуді көздейміз. Аталған стандарттар экономиканың негізгі салаларын қамтитын болады. Бұдан бөлек, біз технологиялық жаңғыртудың нәтижесінде босап жатқан кадрларды басқа жерге көшіру тетіктерін қолға алдық.
Барлық аймақтарда ірі кәсіпорындармен бірлесе отырып, тиісті шаралар атқарылып жатыр. Биылдан бастап электронды еңбек биржасы іске қосылды. Оған барлық мемлекеттік және жеке меншік жұмыспен қамту орталықтары атсалысып келеді. Базада бос жұмыс орындары мен түйіндемелерге қатысты біраз мәліметтер бар. Соның арқасында жұмысты жылдам табуға болады. Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 1 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылды. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.