Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығын иеленуі мүмкін

Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығын иеленуі мүмкін


Ресей ұлттық «Виктория» музыкалық сыйлығының ұйымдасырушылары 15 номинация бойынша үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Классикалық музыка бойынша жыл вокалисі» номинациясы бойынша Димаш «Adagio» әнімен «Виктория» сыйлығына үміткер болып отыр. Димаштың бәсекелестері - «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның ариясын орындаған Аида Гарифуллина мен «Giacomo Puccini: Turandot» ариясын орындаған Анна Нетребко», - делінген хабарламада.

Жеңімпаздардың есімін аудиторлық компаниялар құпия ұстап отыр. Олардың есімін ұйымдастырушылардың өзі де білмейді. Жеңімпаздардың аты тек салтанатты марапат кезінде ғана жарияланады.
Ресей ұлттық музыка сыйлығын табыстау кеші және гала концертінің салтанатты рәсімі 2018 жылдың 7 желтоқсанында Мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.
«Виктория» сыйлығы 2015 жылдың күзінен бері беріліп келеді. Жеңімпаздарды 15 номинация бойынша кәсіби мамандар: суретшілер, композиторлар, продюсерлер, музыкалық сыншылар мен дыбыс шығарушылар таңдайды. Дауыс беру ережелерін сақтауды тәуелсіз аудитор - британдық Ernst & Young компаниясы бақылайды.


03 желтоқсан 2018 ж. 446 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области