Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сығанақ қалашығы туризм нысанына айналады

Сығанақ қалашығы туризм нысанына айналады

Қыпшақтар мен Қазақ хандығының ежелгі астанасы, Сығанақ қалашығында сәулет құрылыстарын қалпына келтіру және цифрландыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанда археологиялық зерттеулерді Қожахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу орталығы, ал қалпына келтіру жұмыстарын "Қазреставрация" РМК жүргізеді.
Сығанақ басқа мәдени-тарихи ескерткіштер секілді мәдени-тарихи орталық және туристер жаппай баратын орын болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қалашықты ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Алдағы уақытта Сығанақ қалашығының шығыс қақпасын 3 метрге дейін көтеріп, бұрынғы сәулеттік келбетін қайтаратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының аумағындағы ежелгі Сығанақ, Шірік Рабат, Жанкент қалашықтары және түркі тайпаларының бұрынғы астаналарына қажетті сервистік инфрақұрылымдарды жүргізіп, соның негізінде туристік кластер құру жоспарлануда.
2000 астам жылдық тарихында Сығанақ қалашығы Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғғ.), Ақ Орда (ХІІІ-ХІV ғғ.) және Қазақ хандығының (ХV- ХVІІ ғғ.) астанасы болған. Сығанақ қалашығы - республикалық маңызы бар мәдени-тарихи ескерткіш және Ұлы Жібек жолының сауда орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұраларының алдын-ала тізіміне енгізілді.
07 желтоқсан 2018 ж. 907 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области